USD502.47EUR525.83RUB5.68

️Абай облысындағы жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты

15 тамыз 2023, 15:53
14.08.2023 жылы сағат 05.38 шамасында "Toyota Land Cruiser" маркалы автокөлік құралының жүргізушісі "Таскескен-Бақты" тас жолынан 200 метр қашықтықта Ақжар ауылында Абылайхан даңғылы арқылы жүріп келе жатып, "VANHOOl" маркалы жолаушылар автобусымен соқтығысуға жол берді.
️Абай облысындағы жантүршігерлік  жол апатынан бір адам қаза тапты

ЖКО салдарынан "Toyota Land Cruiser" автокөлігінің жүргізушісі ЖКО орнында қайтыс болды. "VANHOOL" маркалы жолаушылар автобусының жүргізушісі Үржар аудандық ауруханасының медициналық мекемесіне жатқызылды.

    Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған,көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралын пайдалану ережелерін бұзуы).

 Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar