USD502.47EUR525.83RUB5.68

ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ!

14 тамыз 2023, 16:53
Жетісу облысы,Жаркент қаласында Қазақ күресінен спорт ардагерлері арасында Қазақстан Республикасының чемпионатына жаңадан облыс болып құрылған Абай облысы жеке команда құрып қатысып, ел абыройын асқақтатып, 13 облыс арасында командалық есепте жүлделі ІІ орынды қанжығаға байлап келді.
ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ!

130 ға тарта спорт ардагерлері қатысқан чемпионатта 50-54 жас аралығындағы палуандар арасында 66 келі салмақта Жарылғапов Мақсат чемпион атанса, 45-49 жас палуандар арасында 100+ келі салмақта Теміров Әбдрахман ІІІ орын иеленіп, Абай ауданының намысын арттырып, Абай облысының құрама командасына өз үлестерін қосты.

Спорт ардагерлері арасында өткен чемпионатқа қатысып, жауырыны жерге тимей, жүлдемен келген жерлестеріміз Мақсат Жарылғапов пен Әбдірахман Теміровті үлкен жеңістерімен құттықтаймыз! Абырой биігінен көрініп, қазақ күресін ары қарай да дамытып, елдің мақтанышына айнала беріңіздер! 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar