
Саласы сан түрлі, салмағы ауыр мамандық иелерінің кәсіби мерекесі Жарма өңірінде ерекше атап өтіліп, Суықбұлақ кентінде жарасымын тапқан салтанатты шарада аудан аумағында еңбек етіп жатқан құрылысшылар мен екі бірдей күре жолға қызмет көрсетуші мамандардың басы қосылып, футбол, волейбол, асық ату, арқан тартыс, гір көтеру сынды ойындар ұйымдастырылып, мықтылар анықталды.
Мерекелік жиынды ашқан ауыл әкімі Аждар Тұрсынбекұлы Юсупов өз құттықтауын жеткізіп, ауыл-аймақтың өміріне мол өзгеріс енгізіп жатқан маман иелерінің өлшеусіз жұмыстарына алғысын жеткізді.