
Округтерде аралау барысында ауылдардағы білім ошақтарының жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары назарға алынды. Сапар барысында, Р.Нұрғалиев елді мекендердегі білім ошақтарының жағдайына ерекше көңіл бөліп, жылыту маусымына дайындығы және материалдық-техникалық базасын назарға алды. Ауыл халқының денсаулығын қадағалап отырған емдеу мекемелерінің жағдайына да назар аударды. Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Р.Нұрғалиев Қапанбұлақ ауылындағы Т.Хасенұлы атындағы орта мектепке салынып жатқан жылу қазандығының құрылысымен танысты. Жобаны жүзеге асырушы мердігер-"Алматы энергострой" ЖШС нысанды тамыз айының соңына дейін халықтың игілігіне беруді жоспарлап отыр.
Қазіргі таңда блок-модульде қазандықтарды орнату және сыртқы инженерлік желілерді салу жұмыстары жүргізілуде.Сонымен қатар, Жарма кентінде су құбыры құрылысының барысын бақылауға алынды.Елді мекендегі аулаларға су құбыры тартумен айналасып жатқан "Ислана" жеке кәсіпкері жобаны уақытында аяқтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Бүгінгі күні 1-5 квартал аралығында су құбырын төсеу жұмыстары жүргізуде, яғни жақын арада барлық тұрғындар таза ауыз суға және оның үздіксіз берілуіне қол жеткізе алады, бұл өз кезегінде ауылдағы су мәселесін шешеді.