USD502.47EUR525.83RUB5.68

ШАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ ІРІ КӘСІПОРЫННЫҢ 90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

10 тамыз 2023, 17:14
Шар қаласындағы «Қамқор локомотив» ЖШС ірі өндіріс орнының құрылғанына 90 жыл толып отыр. Қалада көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтіп, волейбол алаңы ашылып, тепловоз машинисі Мақсұт Жолымбетовке арналған ескерткіш тақта ашылды.
ШАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ ІРІ КӘСІПОРЫННЫҢ 90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

Жарма ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров Шар локомотив жөндеу депосының қызметкерлерінің еңбектеріне табыс тілеп, өңір экономикасының дамуына үлес қосқан азаматтарға алғыс хаттар табыс етті. Сонымен қатар, Көлік және коммуникация министрлігінің өкілі Аслан Нүсіпқұл теміржолшыларды құттықтап, министрліктің Алғыс хаты мен «Құрметті теміржолшы» төсбелгісін табыстады.

Бүгінде кәсіпорында 135 жұмысшы, 5 цех пен 1 өндіріс орны жұмыс істейді. Өндіріс тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасалынған. Өткен жылы компания «Золотая каска - 2023» сыйлығын иеленген. Іс-шарада концерттік бағдарламамен қатар, спорттық ойындар да ұйымдастырылды. Шара барысында арнайы шақырылған өнерпаздар ән шырқап, кеш көркін қыздырып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.  Мерекеге орай ұйымдастырылған волейбол, арқан тартыс, гір көтеру сияқты спорт ойындарын тамашалаушылар да аз болған жоқ. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar