USD502.47EUR525.83RUB5.68

АЯГӨЗ АУДАНЫ ХАЛҚЫНЫҢ 90%-Ы АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

09 тамыз 2023, 15:17
Абай облысының Аягөз ауданында тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 79,5 км су құбыры желісі салынды.Аягөз ауданы бойынша 50 елді мекеннің 45-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген, бұл халықтың 90% құрайды (елді мекендерде 30 мыңнан астам адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген).
АЯГӨЗ АУДАНЫ ХАЛҚЫНЫҢ 90%-Ы АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

Қазіргі уақытта қаланы толығымен орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз ету үшін «Аягөз қаласында су құбыры желісінің құрылысы» жобасы басталды.

Осы жоба аясында бүгінде Аягөз қаласының 14 көшесіне 27,4 км су құбырының құрылысы жаңартылып жатыр.Жобаның аяқталу мерзімі 2023 жылдың 31 қарашасына жоспарланған.

Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижелеріне сәйкес жұмыстарды «Нұрлы жол – KZ» ЖШС – «СМУ ШЫҒЫС» ЖШС мердігері жүргізеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar