Аталған қылмыс ҚР қылмыстық кодексінің 188 бабы, 3 б. 3 т. сәйкес Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмысты ашу үшін Абай ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Нұрбол Нұрлыбековтың басшылығымен құрылған жедел-тергеу тобы 05.03.2020 жылы аталған қылмысты ашып, 24 жасар әйел адам күдікті ретінде ұсталып, айғақ заттар алынды.
Ұрланған ақша иесіне қайтарылып, арызданушыдан Абай ауданы полиция бөлімінің бастығының атына алғыс хат келіп түсті.
Хат иесі алғыс хатында полиция қызметкерлерінің кәсіпкерлігі мен адал жұмыстарына тәнті екенін жеткізген.
ШҚО ПД баспасөз қызметі