
Ауданда салынған тұрғын үйлер толық аяқталғаннан кейін, үй кезегінде тұрған азаматтарға және де әлеуметтік осал топтардың өкілдеріне берілмек. Бұл мәселе Абай облысы әкімінің басшысы Нұрлан Ұранхаевтың жіті бақылауында.«Бүгінгі күні ауданымызда жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп, көңілімізге қуаныш сыйлауда. Өз басым Бесқарағай ауылының тұрғыны ретінде кезектемін. Осы салынған үйлердің бірінен жаңа үй кілтін аламын деген үміт бар. Айта кету керек жаңадан салынып жатқан баспаналардың сапасы өте жоғары. Осындай жобалар көп болсын», - деді Бесқарағай ауылының тұрғыны Думан Кунгазин.Абай облысы, Бесқарағай ауданына тұрғын үйлерді салуға мемлекет тарапынан 890 млн. теңге қаражат бөлінген.
⠀«Аудан бойынша кезекте тұрған 276 тұрғынның 70-і жаңа үйлермен қамтамасыз етілмек. Жалпы құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айында аяқталады деп күтілуде»,- дейді Абай облысы, Бесқарағай ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Сұңғат Назаров.
⠀