USD481.68EUR522.48RUB5

ШҚО полицейлері Өскемен қаласында қымбат көлік құралын өртеді деген күдікпен күдіктіні ұстады

12 наурыз 2020, 09:31
Ағымдағы жылдың ақпан айының басында Өскемен қ.ПБ полиция қызметкерлері қымбат көлік құралын өртеген қаскөйлерді анықтап ұстады.
ШҚО полицейлері Өскемен қаласында қымбат көлік құралын өртеді деген күдікпен күдіктіні ұстады

Ағымдағы жылғы ақпанның 2-нен 3-не қараған күні белгісіз адамдардың Стрелка ауданында тұрақта тұрған «Лексус-570» маркалы автокөлікті өртегені анықталды. Келтірілген зиян 22 млн. теңгеге бағаланды.

Автомобильді қасақана жою фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 202-бабы 3-бөлігінің негізінде қылмыстық құқық бұзушылық белгісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларынан бейнежазбаларды алып, зерделеді, оның нәтижесі бойынша түнгі сағат 2 мөлшерінде белгісіз ер адамның автомобильге жақын келіп, оның алдыңғы сол жақ дөңгелегіне анықталмаған сұйықтықты құйып өртеп, оқиға орнынан жасырынғаны анықталды.

Қазіргі уақытта күдікті анықталып, ұсталды. Ол 27 жастағы жұмыс істемейтін, облыс орталығының тұрғыны болып шықты.

Күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда. Тергеу барысында қылмыс жасау себебі анықталатын болады, сондай-ақ қаскөйді қылмыс жасау орнына жеткізіп салған оның сыбайласы да анықталды.

ШҚО ПД баспасөз қызметі

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar