Сотпен анықталғаны, 2019 жылы 2 қарашада тамызда Н. мен М. әскери қызметшілер өз еркімен жабайы өсетін қарасораны теріп алып, одан марихуана мен гашиш дайындаған. Сонымен қатар, әскери қызметшілер тыйым салынған заттарды өз үйінің ауласындағы сарайда өздері қолдану үшін әзірлеген. Кейін полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын өткізіп, тінту барысында 2048,55 грамм мөлшерінде кептірілген марихуана және 5,62 гашиш есірткі заты алынды.
Сот отырысы барысында тараптармен мәміле түріндегі кінәларын мойындау туралы процесстік келісім жасалды.
Сот үкімімен «М» және «Н» ҚР ҚК-нің 296 бабы 4 бөлімінде қарастырылған қылмысты жасағандары үшін кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 3 жыл 6 ай бас бостандығын айыру жазасы тағайындалып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелеріне өтеуге жіберілді.
ҚР ҚК 63 бабы негізінде шартты жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.