USD474.83EUR515.38RUB5.5

Ұлттық валютаның банкноттары туралы

11 наурыз 2020, 11:34
Өскемен қаласы және Семей қаласының тұрғындарынан номиналы 2000 теңгелік банкноттардың төлемділігі туралы телефон қоңыраулары келіп түсуіне байланысты Ұлттық Банкінің Шығыс Қазақстан филиалы төмендегіні түсіндіреді.
Ұлттық валютаның банкноттары туралы

Ұлттық валютадағы банкноттар мен монеталар дизайның тұжырымдамасына сәйкес қазақстан теңгесі банкноттарында Ұлттық Банкі Төрағасының қолтаңбасының қойылуы туралы талап 2016 жылдан бастап алып тасталған.

Қазіргі уақытта Ұлттық Банкі Төрағасының қолы қойылған, сондай-ақ қолы қойылмаған 2012 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар айналыста бар.

Банкноттың екі түрі де заңды төлем құралы болып табылады және төлемнің барлық түрлері бойынша қабылдануға міндетті.

Сонымен қатар ұлттық валютадағы банкноттардың номиналдық қатары:

  • 500 теңгелік (2017 жылғы үлгі);
  • 1 000 теңгелік (2014 жылғы үлгі);
  • 2 000 теңгелік (2012 жылғы үлгі);
  • 5 000 теңгелік (2011 жылғы үлгі);
  • 10 000 теңгелік (2012 жылғы үлгі)

ұлттық валюта банкноттарының номиналдық қатары Ұлттық Банк Төрағасының қолы қойылмай дайындалады және қолма-қол ақша айналысына шығарылады.

Банкноттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодекснің 206-бабында (бұдан әрі – ӘҚБК) көзделген шаралар қолданылатын болады.

ӘҚБК 206-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген, заңды төлем құралы болып табылатын ұлттық валюта банкноттарын құны бойынша қабылдаудан бас тарту ескерту жасауға әкеп соғады. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 5 тен 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бұдан әрі – АЕК) айыппұл салуға әкеп соғады.

Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар банкноттарды қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Аталған банкнотты қабылдаудан бас тартқан жағдайда тиісті шараларды қолдану үшін Ұлттық Банктің филиалына жүгінуі қажет. Бейнефиксация жүргізуді немесе банкноттарды қабылдаудан бас тартуға жазбаша негіздемені талап етуді ұсынамыз.

Қолма-қол ақша айналысының барлық туындаған мәселелері бойынша, сондай-ақ банкноттардың төлемділігін анықтау кезінде қиыншылықтар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Шығыс Қазақстан филиалына мына телефондар бойынша 8-7232- 56-06-83 немесе Өскемен қ., Қазақстан көш., 3 мекенжайы бойынша жүгінуді ұсынамыз. Ұлттық валюта банкноттары және монеталары туралы, оның ішінде алаяқтардың қармағына түсіп қалмау үшін банкноттардың қорғаныш элементтерінің түрі туралы анағұрлым толық ақпарат «Ұлттық валюта» бөлімінде www.nationalbank.kz сайтында орналасқан.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar