USD474.83EUR515.38RUB5.5

ШҚО инновациялық белсенділік бойынша көш бастап тұр

10 наурыз 2020, 14:42
Инновациялық белсенділік деңгейі бойынша Шығыс Қазақстан елімізде көш бастап тұр. Өткен жылғы қортынды бойынша көрсеткіш 15,5 пайызды (еліміз бойынша 10,6 пайыз) құрап отыр.
ШҚО инновациялық белсенділік бойынша көш бастап тұр

 Бұл жөнінде ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ержан Шұрманов мәлім етті.

 - Өңірдегі инновациялық өнім көлемі 174 млрд. теңгені құрап отыр. Бұл оң көрсеткіш, - деді Ержан Шұрманов.

Брифинг барысында басқарма басшысы еліміздегі инновациялық кәсіпорындардың оннан бір бөлігі Шығыс Қазақстанда орналасқанын атап өтті. Ресми дерек көздеріне сүйенсек, ШҚО-да дәл мұндай 317 кәсіпорын бар. Осы орайда өңірде өндірілген және жүзеге асырылған инновациялық өнімдердің тең жартысы экспортталатынын айта кеткен орынды.

Соңғы үш жылдың көлемінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ мүлде жаңа сипаттағы, технологиялық серпіліс әкелетін жобаларды жүзеге асырып, бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруды қолға алды. Нәтижесінде титан, тантал, ниобий сынды басқа да металлдардан медициналық бұйымдар жасалды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar