USD443.44EUR480.51RUB4.88

45 ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

31 мамыр 2023, 17:16
Елімізде баспананы қолжетімді ету жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүзеге асырылып жатқан басты стратегиялық жоспарлардың бірі.
45 ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Мемлекет басшысы халықпен кездесулер барысында тұрғын үй құрылысының қарқыны бәсеңдемеуі тиістігін, ең бастысы баспана қарапайым тұрғындар үшін қолжетімді болуы керектігін атап өткен болатын. Биылғы жылы ауданымызда 45 үйдің құрылысы басталды. Аталған тұрғын үйлер құрылысы Көкпекті ауылының 2 учаскесінде жүргізілуде. Біріншісі - 20 екі пәтерлі тұрғын үйлер маңайы (Элеватор), екіншісі - Телевышка аумағында.

Бүгін аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы 20 екі пәтерлі тұрғын үйлер маңында құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Мердігермен кездесіп, тұрғын үйлердің сапасына ерекше мән беруді жүктеді. Себебі бұл үйлер әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға берілетін болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar