
Құрамында медицина мамандары, медиаторлар, заңгерлер бар арнайы пойыз 23 мамырдан 12 маусымға дейін облыс аумағында азаматтарды қабылдайды.Соның ішінде жалпы тәжірибедегі дәрігер, хирург, оториноларинголог, акушер гинеколог, невропатолог, уролог, стоматолог мамандар келушілерге консультация берді, қажеттілігіне қарай қаралушылардың ішкі органдары УЗИ-ге түсірілді, жүрекке электрокардиограммалық зерттеу диагностикасы жасалды. Ауыл тұрғындары мамандарға ризашылықтарын білдірді.