
Түрлі-түсті әсем гүлдердің бірнеше түрі жазда ауылдың көркін келтіріп, тұрғындарға жақсы көңіл-күй сыйлайтын болады.
Аталған акцияға ауданымыздың барлық округтерінің тұрғындары, мекеме, ұйымдар қызметкерлері белсене қатысты.
Елді мекендер бойынша барлығы 60 мыңға тарта гүл көшеттері отырғызылды.
Жаз бойы гүлзарларға абаттандыру және көріктендіру жұмыстары жалғасып, қажетті күтім жасалады.