
Аудан әкімі Нұржан Оразбекұлы «Қалдырған ізің мәңгілік» атты шара барысында заман талабына сай жабдықталған атаулы кабинетпен танысып, мектеп оқушылары әзірлеген өлең-жыр мен әуезді әннің куәсі болды.
Шара соңында аудан әкімі атаулы кабинеттің ашылуына демеушілік еткен Нұрпану Мұхтарғалиқызының ұрпақтары мен мектеп ұжымына ризашылығын білдіріп, алғыс хаттар табыстады.