
Осынау мерейтой аясында аудан әкімі Нұржан Оразбекұлы Медеу орта мектебінің ұжымын, ауыл тұрғындары мен қонақтарын оқу ошағының 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, сіңірген еңбегі үшін мектеп директоры Кәріпжанов Серікқазыға “Абай ауданының ел алғысы” төсбелгісін табыстады.Сонымен қатар, “Алаш зиялылары ағарту саласында” атты тақырыпта ғылыми-конференция өткізіліп, мектептің сыртқы қабырғасына ілінген Алаш қайраткері, біртуар зиялы тұлға Медеу Оразбайұлына арналған ескерткіш-тақтаның ашылу салтанаты өтті.