
Сонымен қатар, жалпыұлттық "Ардагерді ардақтайық" акциясы аясында музей саласының ардагері, зейнеткерлер Ерғали Икенов пен Әсет Күзембаевпен кездесу өтіп, музей қонақтарына Жидебай өңірінде таңбаланған тағылымға толы отты жылдар естелігімен бөлісті. Танымдық шара барысында Абай музей-үйінің меңгерушісі Нұржан Байтөс Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін гитара аспабымен сүйемелдеп, Жидебай қорығының меңгерушісі Айқын Ақболатов "Желсіз түнде жарық ай" әнін домбырада, жас экскурсавод Толғанай Томпақова "Қарлығаш" әнін шертер аспабында шебер орындады.
Шара соңында музей ұжымы гір тасын көтеруден сайыс өткізіп, жүлдегерлер "Әміре" шаруақожалығының жетекшісі Мұрат Үйсімбаевтың демеушілігімен арнайы сыйлықпен марапатталды.