Оңалту орталығы ұжымының қатысуымен «Масленица жәрмеңкесі» дайындалды. Ал «Айналайын» бала-бақшасының ұжымы көңілді «Танец заловок» биін орындады.
Ұйым және мекеме ұжымдарымен қарақшылар шеруі көрсетіліп, «Масленичный пир» атты қайырымдылық дастарханы ұйымдастырды. Дене шынықтыру және спорт бөлімімен көңілді ұлттық ойындар ұйымдастырылды, онда жігерлі жігіттер гір көтеру, арқан тартып күш сынасты және т.б. Бесқарағай ауданының әкімі Ш. З. Байбеков құттықтау сөз сөйледі. Аудан әкімі алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.
Сондай-ақ, Корнев көшесінің № 13 үйдің тұрғындары өз ауласында Масленица мерекесін ұйымдастырып, дастархан жайды.
Мерекеге «Воскресение» вокалдық тобы, ең жас қатысушылар Елизавета мен Алексей Высочкиндар, аудандық мәдениет үйінің әртістері және ауданның этномәдени бірлестіктерінің мүшелері белсенді қатысты.
Іс-шара дәстүр бойынша қарақшыны өртеумен және тату дөңгелене айналған бимен аяқталды.
М. Абылгазинова, «Бесқарағай ауданының Достық үйі» КММ-нің директоры