
Салтанатты шара барысында аудан әкімі жиналған көп балалы аналарды құттықтап, жылы лебізін жеткіп, гүл шоқтарын сыйлады.
- Нәзіктік пен қайсарлықты бір бойына жинаған аналарымызға ұрпақ тәрбиелеу жолындағы өнегелі істері үшін алғыс білдіремін. Бұл отбасылардағы ұл-қыздардың еліміздің нағыз патриоты боларына сенімім мол. Бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен аяулы аналарымыз аман болсын!,- деді аудан басшысы.
Кездесуге қатысқан аналардың атынан Байшукенова Ләзат Ақановна алғысын айтып, ауданның өсіп-өркендеуіне тілектестігін білдірді.