
Кәсіби мереке арналған салтанатты шараға аудандағы барлық мәдениет үйлерінің өнерпаздары мен кітапханашылар, Оқушылар шығармашылық сарайының қызметкерлері қатысты.
Елімізде 21 мамыр - мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні болып ресми бекітілді. Бұл - шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің көрінісі. Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев кәсіби мерекеге орай жүрекжарды лебізін жеткізді.
Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев мәдениет саласында ұзақ жылдар жемісті қызмет етіп, үлкен еңбек сіңірген 4 жерлесімізді «Толағай табыстары» медалімен марапаттады. Барша көкпектіліктердің шынайы алғысының белгісіндей жарқыраған «Толағай табыстары үшін» медалін сала майталмандары Айтжамал Ибраева, Жанат Ахметжанов, Дугали Ақжігітов және Қайырлы Ибраевтың кеудесіне тақты.
Мәдениет және өнер саласына адал еңбең сіңірген Ратбек Арынов, Бейсен Аханов, Фархат Тоянкенов, Серікбай Рсымбетов, Қайрат Аткешов, Вячеслав Тупицын, Виктор Бауэр, Бақыт Шакенова, Маржан Исабаева, Сәуле Ақжігітова, Дәурен Сәрсенбаев, Индира Искаова, Азамат Малигашев, Мақпал Мырзабекова, Кулмайраш Олжабаева, Светлана Котлярова, Асқар Сүлейменов және «Інжу маржан» әжелер ансамблі аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Сонымен бірге Абай облысы мәдениет басқармасы басшысының «Алғыс хаты» Бұлбұл Абикенова,Аида Айтанова, Катрен Байжұманов, Қанат Бекмолдин, Ернат Бекмұхамбетов, Жанар Сыздыкова, Олжас Қапасов, Данияр Болатбеков, Айнұр Жүнісова, Аяжан Амантаева, Айдана Есполова, Ақмарал Мадығасымова, Кеней Зейнолла және Жанабай Хасенов сынды мәдениет және өнер саласының жарқын өкілдеріне табысталды.
Салтанатты шара соңы аудандық оқушылар шығармашылық сарайының ұжымы әзірлеген концерттік бағдарламасына ұласты.