USD502.47EUR525.83RUB5.68

ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН АУЫЛ

26 сәуір 2023, 14:34
Абай облысы Семей қаласының Бесқарағай ауданының Долон ауылдық округіне қарасты Бөдене ауылы қазіргі «ХХІ ҒАСЫРДА» болса да өткен ғасырда өмір сүріп жатқандай. 422 халық саны бар ауыл тұрғындары, дәл бүгінгі сәтте өз күндерін өздері көруде. Ауылды басқаратын әкімге жайлы әкімшілік жоқтың қасы. Ауыл инфоқұрылымнан жұрдай десе де болады.
ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН АУЫЛ

Жолдары жұпыны, ғаламторы мүлдем жоқ. Не балалар ойнайтын ойын алаңымен, не әкімшілік жоқ, құдды бір айдалада тұрған көзген көрінбейтін ауыл секілді. Алдыңғы жылдан бері әкімшіліктің бұйрығымен жолдарды, еш себепсіз шұңқыр-шұңқыр күйінде қазып тастаған. Әсіресе, оған  қыстың күні  тұрғындардың малдары түсіп шетінен қырылуда. Ең сорақысы ауыл тұрғындары қыс, көктем мезгілдерінде, өз үйлеріне қатынау үшін бүкіл ауылды шыр айналып, батпаққа батып оны кешіп үйлеріне әрең жетеді екен. Осы күнге дейін тұрғындар қанша жерден жер, су, жол мәселе бойынша  шағымданса да, Далон округтік әкімшілігі халықтың айтуынша оларға немқұрайлы қарауда. Қара халық тіпті қалаға мал өткізуге рұқсат беретін қарапайым  бір жапырақ вет справкасын алу үшін, 300 шақырымдық жердегі Бесқарағай ауданына барып алады. Халықтың басты проблемалық мұң зары мен бар арманы ауылға әкімшілік орнатып бересе екен дейді. Өкіметтен бөлінген қаражаттың бірде біреуі ауылға құйылып жатқан жоқ дейді ашынған халық. Бұл жағдайға  ауыл тұрғындарының еттері де үйреніп қалған. Тұрғындар бұған дейін де қанша арыз жазып әкімшілікке барған бірақ ешкімнен еш қайыр болмаған.

Ауыл тұрғындарының бармаған жері баспаған тауы жоқ сыңайлы. Қай жерге барса да, арыздарын қабылдап, артынша бетін жылы жауып қоя береді екен. Осы мәселеге қатты шамданған Данияр Мамыржанов, Бөдене ауылының тумасы осы жерде дүниеге келген. Қазіргі таңда Данияр мырза Курчатов қаласында тұрса да, өз туған жері Бөдене ауылына бүйрегі бұрып тұрады. Себебі, өзінен кейінгі жастардың келешек  ұрпақтарының ертеңін ойлайды. Сонымен қатар қарапайым ғана бүлдіршіндер ойнайтын алаң да жоқ мұнда. Алдыңғы жылы  әкімшіліктің орынын басып тұрған кантордың дәл қасына ойын аланының қанқасын құрып қойған бірақ, аяқтамаған. Ол жер балаларға ойнауға да ыңғайсыз. Ауылды көркейтіп тұрған көшедегі жарық шаммен үш қабатты мектеп қана дейді,- Данияр Мамыржанов. Бұған дейін ауылда тіпті жұма намазға баратын қасиетті мешіт те болмаған. Қазіргі таңда ол мешітті ауыл тұрғындары жиналып, өз қаражаттарына  тұрғызуда. 

Айта кетерлік тағы бір жағдай Данияр Мамыржановтың айтуынша, ауыл шетінде орналасқан 2000 жылы қазылған Месқұла учаскесінің, эколологиялық, радияциялық, қалдықтары қалып, қара халыққа зиян келтіргендіктен арнайы экологтар жалданып, дыбыстық жарылыс жұмыстарын жүргізіп, 1 жыл көлемінде жауып тастаған. Енді міне, араға 23 жыл салып арнайы адамдар жалданып, қайта осы уачаськені қазып, қазба байлық көзін тапты ма? әлде қалған темір-торсақты көздеді ме? Бір сөзбен айтқанда, ескі жараның аузын қайта тырнауда дейді. Қазіргі таңда, бұл жағдай қарапайым халықтың басты қорқынышы. Себебі, ол жерде  ядролық, радиялық, қалдықтар қалғандықтан  ауа арқылы ауыл тұрғындарына зияны тиме деп қорқады, ауыл жанашыры Данияр Мамыржанов. Бөдене ауылында  қозғайтын тақырыптар өте көп. Ауыл расында да, өткен ғасырда қалып қойғандай. Енді келесі тақырып, мектеп  мәселесіне тоқталып өтсек. Нақтырақ айтқанда Бөдене ауылына ара қашықтығы 7 км іргелес тұрған Шаған ауылындағы мектептің жағдайын қозғасақ.

Бөдене ауылының тұрғыны  Шынар Тұрарбекова қазақ тілі мен әдебиет  пәнінің мұғалімі. Шынар Тұрарбекова Шаған ауылынының мектебіндеде қосымша 0,5 жартылай еңбек төлемімен жұмыс істейді екен. Негізі Бөдене ауылының мектебінде 74 оқушы, 25 бала бақшада тәрибе алатын бүлдіршіндер. Ал, Шаған ауылында мектепте бала саны да аз көрінеді. Сонымен қатар бірнеше сынып оқушылары мектеп шағын болғандықтан қосылып оқиды екен. Сондай-ақ, мектеп басшысымен бірнеше пән мұғалімдері арнайы сабақ беру үшін қаладан ауылға келіп білім береді. Мысалы, таңғы 8 ден, түскі 1:30 ға дейін түскі сынып оқушылары оқыса, түстен кейін кешкі сағат 18:00 ге дейін  түстен кейінгі сыныптар  яғни, екінші ауысым балалары сабақ оқиды. Сондай-ақ, Шаған ауылының мектеп оқушылары ыстық тамақ ішпейтін көрінеді. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шынар Тұрарбекованың айтуынша. Жалпы жағдай мұнда мәз емес көрінеді.

Шынар ханымның өз ойы егер Шаған мектепбімен Бөдене  ауылының мектеп оқушыларын біріктірсе нұр үстіне нұр болар еді дейді. Себебі, Бөдене ауылының білім сапасы да басқа ауылдардан қарағанда жоғары. Бөдене ауылының мектебінде жылына кем дегенде 3 бала үздік алтын белгіге ие болады. Ал, Шаған ауылында былтыр бірде бір алтын белгі бала болмаған. Алтын белгі тұрмақ тіпті балаларды ешқандай іс-шараларға да апармайтын көрінеді. Ал, Шынар Тұрарбекова Бөдене ауылының мектеп оқушыларын  бір айда кемінде 3 рет болсын Семей қаласындағы түрлі іс-шаралармен музейлерге баратынын айта кетті. Балалар жан-жақты болу керек. Олар біздің ертеңгі болашағымыз. Шаған мен Бөдене ауылының арақашықтығы 7 км.

  • Егер Бөдене мен Шаған мектебінің оқушыларын біріктіретін болсақ, оқушыларды арнайы тасымалдайтын автобустар да бар. Мектепте екі автобус бос тұр керсінше іске жаратып, ауылымызды мектепті жаңғыртайық дейді,- Шынар Тұрарбекова.

Иә, расында да біз Бөдене  ауылының  жағдайын өз көзімізбен көріп қайттық. Ауылды шыныменде  қайта жаңғырту керек. Біз арнайы ауыл басшысында шақырттық өз аузынан  жауап естіп қайттық. Оның айтуынша, осы бір жыл көлемінде ауылды аяқттан тік тұрғызамыз дейді. Лайым солай болғай. Ауылға ең бірінші әділ басшымен, екінші жаңадан әкімшілік салу керек. Бөдене ауылын шеттен тыс ысырмай, керсінше қайта жаңғыртуға күш салса, одан асқан игі іс болмас еді. Ауыл  мал шаруашылығымен алда тұрғанмен  өкінішке орай мәдени орталықтардың жоқтығы жанға батады. Осы жазған ақпаратымыз елеусіз қалмайды деген үміттеміз. Алдағы уақытта жақсы жаңалықтар болатыныныа  біз сенеміз.  Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын.

                                                                                  Аяулым АҚЫЛЖАНҚЫЗЫ

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar