
Жарыстың салтанатты ашылу рəсімінде аудан әкімінің міндетін атқарушы Н.Нұрғалиев сөз сөйлеп, жас былғары қолғап шеберлерінің жеңіс тұғырынан көрінуіне ниет білдіріп, сəттілік тіледі.
Сайысқа облысымыздың Семей қаласынан, Абай, Ақсуат, Аягөз, Бородулиха, Үржар, Ұлан аудандарынан балғын боксшылар қатысып, бақтарын сынауда.