USD448.15EUR483.46RUB4.86

Семейде су басуды алдын алуға арналған жаттығу басталды

26 ақпан 2020, 08:44
Семейде «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық жаттығуы басталды. Шара аясында «Спартак» стадионында су басу қаупіне қажетті техникалардың байқауы өтті.
Семейде су басуды алдын алуға арналған жаттығу басталды

40 техникалық бірлік пен жүздеген жеке құрамның мүшелері сап түзеді. Жаттығуға тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығының техникалары, көлік қызметі, ұлттық ұланның, жергілікті полиция қызметінің, төтенше жағдайлар басқармасының, жедел жәрдем қызметінің, ВКРК және «Қазтелеком» бригадалары, тұрғындарды ыстық тамақ және қонақ үйлерге орналастыруды ұйымдастыратын    ветеринарлық және кәсіпкерлік   бөлімдері қатысты.  Қазірдің өзінде «Турист», «Семей» қонақ үйлерімен және «Қарағайлы» сауықтыру кешенімен меморандум жасалды. Сонымен бірге «Водный» кенті аумағында арнайы оқу- жаттығы өткізілді.

 - Бүгінгі күннің негізгі мақсаты- Семей өңірінде су басудың алдын алу,  жаттығу барысында арықтарды, су жүйелерін қоқыстардан тазарту, Автодромная көшесіндегі бұзылған бетон көпірдің қалдықтарын алу. Сонымен бірге еріген қар суы жиналуы мүмкін деген жерлерді тазалау жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстар шартты түрде емес, нақты атқарылады. Бұл жерге айтарлықтай  төніп тұрған   қауіп жоқ. Алдын алу шаралары су басқан жағдайда қауіпті тезірек сейілтуге дайындық үшін жүргізілуде,-дейді ТЖ басқармасының азаматтық қорғаныс тобының аға офицері Қымбат Көпбаев. 

Бүгінгі күні тұрғын үй секторында  су басу қаупінің алдын алу аясында қала көшелерінен қар шығарылуда. Қыс басталғалы 250 мың шаршы қар шығарылды. Орталық көшелер қардан тазартылды. Қазір  жеке сектордағы Сейфуллин мен Қажымұқан көшелері қардан тазартылуда. Жиыны 450 мың  шаршы  қар шығару күтілуде. Қауіптілігі жоғары деген аймақтар нақтыланды.  Аталған аудандарда мониторинг жүргізіліп, қар шығарылуда. Әкім  кәріз жүйелері су ағынын қалыпты өткізбейтін аумақтарда және   Селевин, Абай мен  Қабанбай батыр көшелеріндегі жол өткелдерінде   техникалық шаралар өткізу қажеттілігін атап өтті.

- Ауа райының болжамына қарағанда  су басу қаупіне дайын болуымыз керек. Қар өте көп. Тұрғындардың айтуы бойынша,  соңғы жылдары мұндай жағдай қалада болмапты. Сондықтан су басуға дайын болуымыз керек. Техникалық шаралар жасалды. Дегенмен, қар күрт ерісе, инженерлік жүйенің дайындығына қарамастан  мәселе туындауы мүмкін. Су соратын машиналарға тексеру жүргізілді. Қауіптің алдын алудың басты шарасы- қарды шығару. Бүгінгі күні 62 техника күн сайын қар шығарып жатыр. Бұл әрине, аз. Қар шығаруға қаражатымыз жетпейді. Біз облысқа шығып, бізге қосымша қаражат бөлулерін сұрадық. Өтінішіміз қолдау тапты. Көктемде су сорып әуре болғанша, қарды қазырден шығаруға күш салуымыз  қажет,- дейді қала әкімі Ермак Сәлімов. 

Оқу-жаттығу екі күнге жалғасады. Осы уақыт аралығында нақты қауіптің алдын алудың барлық шараларын әбден пысықтап алу жоспарланған. Техниканың саны емес, жұмыс сапасы да маңызды екені баса айтылды.

 

Семей қаласының ақпараттық орталығы

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar