USD502.47EUR525.83RUB5.68

Жаңаөзендегі жарылыстан қаза тапқандардың саны артты

17 сәуір 2023, 12:38
Жаңаөзендегі жарылыстан қаза тапқан адамдардың саны үш адамға жетті.Бұл жөнінде төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Жаңаөзендегі жарылыстан қаза тапқандардың саны артты

“Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар үйінді астынан тағы үш адамды - ер, әйел және баланы тірідей алып шықты. Осылайша, қазіргі уақытта үйінді астынан құтқарушылар төрт адам мен үш азаматтың денесін шығарды. Құтқарылғандар мен медициналық көмекке жүгінгендерді қосқанда барлығы сегіз адам ауруханаға жатқызылды”, – делінген дүйсенбіде тараған ақпаратта.

Үйіндіні тазалауға 40-қа жуық техника мен 350-ге жуық адам жұмылдырылған, оның ішінде: құтқарушылар, оның ішінде кинологтар, Ұлттық ұлан әскерлері, жергілікті атқарушы органдар, жедел жәрдем, полиция, еріктілер бар екені айтылады.

Еске салайық, 17 сәуір күні таңертең Жаңаөзенде газ баллонының жарылуы салдарынан тұрғын үйдің кіреберісі опырылып құлаған.Оқиға орнында жедел штаб құрылып, сенім телефоны ашылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar