
Сонымен қатар, жүргізушінің бұған дейін көлік басару құқығынан 3 жылға айырылғаны анық болып, осы дерек бойынша қылмыстық іс сотқа жөнелтілген болатын.
Ағымдағы жылдың 18 ақпанында жоғарыда аталған іс соңына жетіп, Өскемен қалалық № 2 соты тиісті үкімін шығарды. Яғни, 44 жасар облыс орталығының тұрғыны мас күйінде және жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарып, жол жүру ережесін өрескел бұзғаны үшін, сондай-ақ өзінің әрекетімен басқалардың өміріне қауіп төндіргені үшін 3 жылға бас бостандығы мен өмір бойына көлік жүргізу құқынан айырылды.
Естеріңізге салсақ, Қазақстанда заң күшейтілгеннен кейінгі аралықта өмір бойына жүргізуші куәлігінен айыру дерегі алғаш рет Қарағанды қаласында орын алса, енді Өскемен аумағында қайталанып отыр. Осы тектес оқиға ақпанның 15 күні жалғасын тауып, 1987 жылы туылған азамат көлікті мас күйінде басқарғаны үшін тәртіп сақшыларының қолына түсті. Бұл азаматтың да 2 жыл бұрын 3 жыл мерзімге куәлгінен айырылғаны мәлім болды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346 бабы 1 бөлімі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп,нақты тағдырын сот шешетін болады.
Өскемен қ. ПБ баспасөз қызметі