USD448.15EUR483.46RUB4.86

"Барлығының назарына! дабылы"

24 ақпан 2020, 08:44
Семей қаласы ТЖБ 2020 жылдың 25 ақпанында «Көктем-2020» РКШОЖ аясында таңғы сағат 9-дан 10-ға дейін электрсиреналарын іске қосу арқылы және телерадиоканалдарды қамту арқылы құлақтандыру жүйесін тексеру болатындығын еске салады.

Еске саламыз,төтенше жағдай қаупі болуы мүмкін немесе туындаған жағдайда тұрғындардың назарын аудару үшін электрсиреналары немесе басқа дабыл құралдары қосылады,бұл «Барлығының назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылының берілгендігін білдіреді.

Халық арасында үрейдің алдын-алу үшін және түсіндіру үшін Семей қаласы ТЖБ Сіздерден электронды сайттарыңызда үлгі мәтінді жариялауңызды сұрайды.

Бұл дабыл бойынша не істеу керек?

Егер сіз жұмыста, қоғамдық орында, далада болып сирена дыбысын, яғни «БАРЛЫҒЫНЫҢ НАЗАРЫНА» дабылын естісеңіз ТЕЗ АРАДА радионы қосыңыз (ұялы телефон арқылы болады) «Қазақ радиосы» 104,0 жиілігінде.

Дабылды үйде естіген бойда дереу теледидардан жергілікті каналдарды қосыңыз: «Хабар», «31 канал», «КТК», «Қазақстан» сонымен қатар ақпаратты мұқият тындаңыз.

Барлық ересектер сиреналардың дыбыстары-бұл «БАРЛЫҒЫНЫҢ НАЗАРЫНА» дабылы екендігін түсінулері қажет және өз балаларына түсіндірулері қажет. Ол дыбысты естіп шошудың қажеті жоқ, керісінше оның себептерінің түсіндірілуін тосу қажет. Подъезд немесе тұрғылықты жер бойынша көршілеріңізді ақпараттандырыңыз-олар берілген ақпаратты естімеулері мүмкін. Үрей мен қауесеттерден аулақ болыңыз.

Жаттығулық сиреналардың қосылуына түсінушілікпен қараған жөн және берілген нұсқаулықтар бойынша өздеріңіз де жаттығыңыздар.

ШҚО ТЖД Семей қаласы ТЖБ ақпараты

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar