USD524.65EUR552.19RUB5.14

Тагы да адам өлімі бар өрт Шүлбі кентінде болды

22 ақпан 2020, 10:06
2020 жылдың 19 ақпанында 21 сағат 52 минутта «ШҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ Семей қаласы Жасағының 101 пультіне Шүлбі кентіндегі өрт жайлы ақпарат келіп түсті.
Тагы да адам өлімі бар өрт Шүлбі кентінде болды

Шақырту орнына Шүлбі кентінің №40-ӨСБ бөлімшесі шықты. Келгеннен кейін құтқарушылар 2-ші микроаудан 5-этажды тұрғын үйде, бір бөлмелі пәтерде 4 шаршы метр ауданда жиһаздың ағаш конструкциялары жанып жатқанын анықтады.

Үйдің подъездінде қатты түтіндену байқалды.ұ\құтқарушылар тұрғын үйдің подъездінен 23 адамды эвакуациялады. Барлау және өртті жою барысында еденде пәтер иесінің жансыз денесі табылды, 1954 жылы туылған.

Ер адам пәтерде жалғыз өзі тұратын. Өрт 22 сағат 20 минутта локализацияланған, ал 22сағат 38 минутта толығымен жойылды. Өрттің мүмкін болатын себебі-мас күйінде темекі шегу кезіндегі абайсыздық және отты абайсыз пайдалану.

Бұл Шүлбі кентіндегі өлім нәтижесімен аяқталып тұрған екінші жағдай.Бірінші жағдай 13 ақпанда болды,онда ер адам дәл осы себеппен мерт болды.

Өртті және адам өлімін болдырмау мақсатында Семей қаласы ТЖБ қауіпсіздік ережелерін елемеу өте қауіпті екенін айтады, әсіресе мас күйінде темекі шеккен кезде. Есіңізде болсын:оларды сақтамау қайғылы оқиғаға әкеліп соғуы мүмкін!

ШҚО ТЖД Семей қаласы ТЖБ

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar