
Балабақшаның ашылу салтанатына аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев қатысып, Мамай ауылы тұрғындарын жаңа әлеуметтік нысанның ашылуымен құттықтап, бала-бақшаның ашылуына демеушілік жасаған бірқатар жергілікті кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарына алғысын білдірді.
Айта кетер болсақ биылғы жылы Көкпекті ауданы бойынша 100-ден аса бала балабақшамен қамтамасыз етілді. Жыл соңына дейін аудан бойынша тағы 200-ден астам баланы балабақшамен қамтамасыз етіп, аудан бойынша мектеп жасына дейінгі балаларды 100 пайыз балабақшамен қамтамасыз ету жоспарлануда.