USD514.65EUR544.6RUB5.17

Ата-аналар мектеп үйірмелері жұмысымен және жобаларымен танысты

19 ақпан 2020, 13:03
Семейдегі № 10 орта мектепте қала мектептерінің басшылары ата-аналар қауымымен кездесті. Оған балалар, ата-аналар, мұғалімдер мен оқу бөлімінің өкілдері қатысты.
Ата-аналар мектеп үйірмелері жұмысымен және  жобаларымен танысты

Шара «Мектептің бір күні» жобасы аясында өтіп, ата-аналарды мектеп жанындағы үйірмелер мен клубтардың жұмысмен таныстыруды мақсат етті. Бұл күні оқушылар өздерінің қоғамдық жұмысқа деген ынталарын білім саласындағы табыстарын паш ету арқылы көрсетті.  Білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко мұндай шара 2025 жылға дейінгі білім саласын дамыту бағдарламасында қарастырылғанын атап өтті.

- Осындай шаралар  оқу жылының басынан  қолға алынып келеді. Бұрын «Ашық есік күні» деп аталған шара  мемлекеттік бағдарламаға сай «Мектеп өмірінің бір күні» деген атаумен  өткізілуде. Және осындай күндер қаланың барлық мектептерінде өз жұмыстарын ата-аналарға таныстыру арқылы өтіп келеді.   Біз нақты тақырыптарды таңдап, балаларымыздың  қандай салаға бейім екендігін көрсетуді мақсат еттік, дейді Наталия Фесенко.

Оқушылар бұл күні Абай шығармаларын орындап, эко-көрмені көрсетсе, әскери бөлімшенің  қамқорлығындағы  «Жас сарбаз» сыныбының тәрбиеленушілері  әскерилермен бірлесіп Калашников автоматын   бұзып-жинау жұмысын көрсетті.

Кездесу барысында  ата-аналар оқушылардың өзге де  жобаларымен танысты. 

Бүгінгі күні білім бөлімінде оқушыларды қоғамдық жұмысқа тарту арқылы олардың қабілеттерін арттыру мақсатында  бірнеше жоба жүзеге асуда. Оның ішінде  қала тұрғындарын бала тәрбиесіндегі мәселелерге  назар аудартуға  бағытталған «Тәлімгерлік» жобасы дамып келеді. Балалар арасында көптеген семейлік жас өспірімдердің қауіпті топтар арасында барлығы жасырын емес. Мұндай балалар  бос уақыттарында назардан тыс қалатын  қоғамның аз қамтылған отбасыларынан шығады. Аталған жоба оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастырып,  олардың пайдалы іспен шұғылданулары үшін әр мектепте жұмыс істейді. Балалармен мұғалімдерге қоса, ата-аналар да өз үлестерін қосады.

Жобаға қоғам қайраткерлері де қатысады. Ф. М Достоевский атындағы театрдың директоры Яков Горельников балаларды театр өнеріне баулыса, пауэерлифтингтен Азия және Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Андрей Алтайбаев 40 баланы спортқа бейімдеуде.  Олардың көпшілігі кәсіпқой спортпен айналысу жайлы шешім қабылдап та қойыпты.  Қазақстанның спидкубер федерациясының президенті және кәсіпкер Арман Машимов 10 оқушыдан құралған топтың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға үлес қосуда.  Бұған қоса, қала мектептерінде  мектепішілік қақтығыстардың санына азайту мақсатында  «Мектеп медиациясы» жобасы қарқынды қолға алынуда. Алдағы уақытта бұл жаба қала мектептерінің барлығында жұмыс жасайтын болады, яғни, Семей мектептерінде  мамандар медиация мәселесімен айналысатын болады. 

  Семей қаласының ақпаратық орталығы

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar