USD484.37EUR531.06RUB5.05

Қазақтың ұлы ағартушысы-Абайдың 175 жылдығына орай

19 ақпан 2020, 09:59
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық Мерейтойын тойлау-тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі.
Қазақтың ұлы ағартушысы-Абайдың 175 жылдығына орай

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Семей қаласы ТЖБ Ардагерлер кеңесі қазақ ақыны және ағартушы Абайдың 175 жылдығына орай Абай атындағы мұражайда экскурсия ұйымдастырды. Абай музейі-«Қазақстанның киелі орындары» жобасына кіреді.

Іс-шараға жас зейнеткерлер,өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің балалары,сонымен қатар стоматология факультетінің тәлімгерлік тобы қатысты,бұл топтың тәлімгері Алиева Сауле-өрт сөндіру қызметінің зейнеткері болып табылады.

Әдеби-мемориалды Абай музейінің ашылуы алғаш рет 1940 жылы ақын-жазушы Абай Құнанбайұлының 95 жылдығына орай болды.

Абай тек өзінің әдеби шығармашылығымен ғана танылған жоқ,ол сонымен қатар қайырымдылық және ағартушылық ісімен айналысты.

Экскурсия барысында қонақтар Абай,Шәкәрім,Мұқтар Әуезов сияқты ұлы тұлғалардың биографиясы туралы,құнды экспонаттар мен архив құжаттары жайлы қызықты әрі танымдық ақпараттар алды.

ШҚО ТЖД Семей қаласы ТЖБ

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

03 қазан 2024, 10:50
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar