
Бала-бақшаның ашылу салтанатына аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев қатысып, Биғаш ауылы тұрғындарын жаңа әлеуметтік нысанның ашылуымен құттықтап, бала-бақшаның ашылуына демеушілік жасаған бірқатар жергілікті кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарына алғысын білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады.

Ашылған бала-бақша әлеуметтік маңызға ие. Біріншіден, Биғаш ауылында 25 бала бала-бақшамен қамтамасыз етілді, екіншіден жаңа 6 жұмыс орны құрылды. Сонымен қоса, бұл әлеуметтік нысан тұрғындарды осы ауылда тұрақтандыруға септігін тигізетін болады.

Жалпы аудан бойынша алдағы уақытта 10-нан астам елді-мекендерде бала-бақшалар ашу жоспарлануда. Жоспар жүзеге асқан жағдайда 300-ден аса бүлдіршін бала-бақшамен қамтамасыз етіліп, 150-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылатын болады.