
Кітапхана қызметкерлері Абайдың дүниетанымын қалыптастыруға Шығыс ақындары мен ғалымдарының – Фирдоуси, Әлішер Навои, Низами, Физули, Ибн Сина, сондай-ақ орыс классиктерінің шығармаларының әсері көп болғанын жеткізді.
Қатысушылар Абай ескерткіштері тек Қазақстанның елді мекендерінде және қалаларында ғана емес, сонымен қатар әр түрлі елдерде: Францияда, Египетте, Қытайда, Ресейде, Иранда, Өзбекстанда тұрғызылғаны жайлы көптеген пайдалы ақпарат алды. Сондай-ақ Қазақстанда Ұлы ақынның ескерткіштері алғаш рет қай уақытта тұрғызылғандығы, қазақ мүсін мектебінің алғашқы негізін қалаушы Хакімжан Наурызбаев туралы деректерге қанық болды.
Іс-шара соңында кітапхана қызметкерлері жиналғандарды «Абай әлемі» кітап сериясының жаңа басылымдарымен таныстырды. Көрермендердің назарын аударған өлкетану жинақтары, жас ақындар М.Мещеряков, М.Қарт, Б.Игілік және т.б. жас қаламгерлердің 2019 жылғы кітап сериясының екінші нөміріне ұсынылған шығармалар топтамасы болды.