USD448.81EUR476.82RUB4.77

Семей қаласының 27 тұрғыны интернет-алаяқтардың құрбаны болды

18 ақпан 2020, 11:28
Полиция қызметкерлерінің мәліметіне сәйкес, технология мен техниканың қарқынды дамыған мына заманда интернет-алаяқтарының құрбаны болғандар саны күннен күнге артуда. Жыл басынан бері қалада 27 интернет-алаяқтығы тіркеліп, оның 7 фактісі ашылған.
Семей қаласының 27 тұрғыны интернет-алаяқтардың құрбаны болды

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Әуезов полиция бөліміне алаяқтық фактісі бойынша бірнеше қала тұрғынынан арыз түскен.

Тергеу амалдарын жүргізу барысында 31 жастағы бұрын сотты болмаған алаяқ бір жыл көлемінде өзінің туыстары мен таныстарын алдап, олардың жеке және банк карточкаларының мәліметтерін біліп, олардың аттарына несие рәсімдегені анықталды.

Бүгінгі таңда полиция қызметкерлерімен осындай 7 факті анықталып отыр, келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгеден артық.

Осы фактілер ҚР ҚК 190 бабы 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде.

Көбінесе интернет-алаяқтығы ғаламтор желісін пайдалану арқылы трансшекаралық сипатта жасалады. Интернеттегі сауда-саттық барысында тараптар бір-бірімен кездеспейтіні белгілі. Сол себепті, қылмыскер бір өңірде немесе басқа елде отырып, екінші өңірде қылмысын жасай алады.

Ашылмаған интернет-алаяқтығы бойынша қылмысты жасау кезінде абоненттік нөмірлер станция базасы бойынша 3 факті Ресей Федерациясында, 6 факті Алматы қаласында және Алматы облысында және 2 факті Қостанай қаласында тіркелген.

Интернет-алаяқтары көбінесе «Колеса», «ОЛХ», «Крыша» сияқты танымал сайттарды қолданады.

Алаяқтықтың осы түрінің көбею себептерінің бірі әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы тауар айналымы көлемінің өсуі болып табылады.

Қылмыс жасау кезінде қаскүнемдер абоненттік нөмірді бір рет қана қолданатындықтан және қаланың басқа өңірінен байланысқа шығатындықтан осы санаттағы қылмыстарды ашу қиындық туғызады.

Жәбірленушілер оппоненттердің нақты мәліметтеріне, тұрғылықты жерлеріне көз жеткізбей, абоненттік нөмірлерге өздері қаражат аударады, алаяқтар аударылған қаражатты алғаннан кейін абоненттік нөмірлерн сөніріп тастайды.

Интернет-алаяқтарының құрбаны болмас үшін полиция қызметкерлері қарапайым шараларды сақтау қажеттігін ескертеді:

  • - Әлеуметтік желілерде күмәнді, расталмаған сату көздерін пайдаланбаңыз (сөйлесу кезінде бейнеқоңырауды қолдану);
  • - интернет – порталдары арқылы мүлікті сатып алу (сату) кезінде алдын ала төлем жасамаңыз;
  • - төлем жүйелерімен белгісіз тұлғаларға ақша аудармаңыз;
  • - кез келген жағдайда өзіңіздің банк карточкаларыңыз және шоттарыңыз туралы мәліметті ешкімге бермеңіз (СМС-хабарламаларын нақтылау кодтарын).

Егер сіз интернет-алаяқтығының құрбаны болсаңыз бұл факті туралы дереу полицияға хабарлаңыз!

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar