USD514.65EUR544.6RUB5.17

Тұрғын үй секторында өрттің алдын-алу

18 ақпан 2020, 08:54
Өрт кезінде адамдардың өлімін және жарақат алудың алдын-алу мақсатында Семей қаласы ТЖБ қызметкерлері үнемі тұрғын үй секторларында алдын-алу рейдтерін жүргізеді.
Тұрғын үй секторында өрттің алдын-алу

15 ақпанда кезекті рейд «Бобровка» саяжай алабында өтті. Семей қаласы ТЖБ қызметкерлері жеке тұрғын үйлер иелеріне өртті болдырмау үшін қандай бұзушылықтарды жою керек екендігін түсіндірді,сонымен қатар өрттің басым бөлігі электр жабдықтарын дұрыс қолданбау және қондырғылардың ережелерін дұрыс сақтамағандықтан болатындығын айтты.

Профилактикалық іс-шаралар адамдардың тұрмыс жағдайында пеш құрылғысын қолодану және улы газбен уланудың алдын алу үшін, өрт қауіпсіздігіне байланысты білімдерін көбейту мақсатында жүргізіледі.

Жеке үйлерді аралау барысында тұрғындармен түсіндірме жұмыстар өткізілді, жылыту пештерін және электр құрылғыларын дұрыс қолдану бойынша нұсқаулықтар берілді.

Өрт кезінде немесе газдың шығуы болған жағдайдағы іс-қимыл. Жедел әрекет ету қызметтерінің телефон нөмерлер-«101» и «112», сонымен қатар өрттердің қысқаша статистикасы мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған жағдайда болатын түзелмейтін салдары туралы түсіндірілді. Сонымен қатар үйлерді өрттен қорғауға байланысты өткізілетін іс-шаралар туралы жазылған ұсыныс түбіршектері таратылды,оларға үй иелері қол қойды.

Тұрғындар өткізіліп жатқан және жылыту маусымы біткенге дейін жалғасын табатын алдын-алужұмыстарына түсінушіліктерімен қарайды.

Жанат Насымхан, Семей қаласы ТЖБ ЗҚҚА және АҚСБТ бас маманы

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar