USD521.53EUR601.01RUB6.43

"АУЫЛ-ЕЛ БЕСІГІ"

21 ақпан 2023, 14:40
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша Жарма ауданында құрылыс қарқыны артып келеді
Өткен жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша Жарма ауданының Қалбатау ауылындағы орталық аурухананың желдету жүйесін және шаруашылық блогын, қаланы Кешенді дамыту жоспары аясында Шар қаласындағы аурухананың ғимаратын күрделі жөндеуге, саланы медициналық құрал – жабдықтармен қамтуға қаржы бөлінді. Сондай-ақ аудандық аурухананың перзентхана бөлімшесінің, электр желілерінің, ғимараттың сыртқы қасбеттерінің күрделі жөндеуіне және аурухана аумағын абаттандыруға жобалық – іздестіру жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі
- Республикалық бюджет есебінен ауылдық елді мекендерге салынатын 3 ФАП (Жарма, Жарық, Қаратөбе) және 4 медициналық пункт құрылысы үшін (Қапанбұлақ, Сұлусары,Салқынтөбе, Белтерек) жер телімдері белгіленді. Алдағы кезеңде Ұзынжал, Жайма, Көшек ауылдарында да осындай нысандар салу жоспарлануда. Жарық және Қызылағаш ауылдарында антенна-діңгек құрылғылардың құрылысын жүргізуге облыстық бюджеттен қаражат бөлінді,- деп атап өтті ӨКҚ орталығында Жарма ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров.
Сондай-ақ, аудан әкімінің айтуынша, Қалбатау ауылында стадион және Қалбатау ауылы мен Шар қаласында жүзу бассейндерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлінді. Ал Аршалы, Кіші Қарасу және Салқынтөбе ауылдарындағы спортзалдарының құрылысына бюджеттік өтінімдер берілген.
- Аудандық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарының ЖСҚ әзірленді. Сұлусары, Бірлік, Жаңаөзен, Шалабай ауылдарында ауылдық клубтар салуға ЖСҚ дайындау үшін ағымдағы жылға қаржы бөлінді,- деді аудан әкімі.
Биыл Шар қаласындағы Абай атындағы мектеп – балабақша кешенінің ғимаратын күрделі жөндеу және Қапанбұлақ ауылының Хасенұлы атындағы орта мектебінің қазандығының құрылысы жоспарланған.
-Қалбатау ауылында 300 орындық мектептің, Кентарлау ауылында және Суықбұлақ кентінде 100 орындық мектептердің құрылыстарына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланды. Жаңғызтөбе кентіндегі спорт модульдың құрылысына жобалық – сметалық құжаттама әзірлеуге инвестициялық ұсыным берілді,- деді Жарқынбек Байсабыров.
Аудан әкімінің айтуынша, 2022 жылы 208 940 м2 тұрғын үй пайдалануға берілген. Жеке тұлғалар есебінен аудан орталығында ––22 үй, басқа елді мекендерде 12 үй іске қосылған.
Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

17 сәуір 2025, 15:02
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar