
Өз кезегінде топ мүшелері аудандардағы ықтимал қауіпті жерлерді, су басу қаупі бар аумақтарды, жолдар мен гидротехникалық құрылыстарды анықтай отырып, жергілікті атқарушы органдардың еріген суларды өткізуге дайындығына көзбен шолу жүргізді.

Сонымен қатар топ эвакуациялау пункттерімен, апаттық ескерту схемасымен, қар шығару жұмыстарымен және техникалармен танысты.

Бүгінгі таңда Абай облысының көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі жұмыс тобы Үржар ауданында жұмыстарын жалғастыруда.