USD451.71EUR491.64RUB5.86

Курчатов қаласында «Тополек» балабақшасын реконструкциялау аяқталып қалды

20 ақпан 2023, 12:25
Курчатов қаласында балабақшаға кезек азаюда
Курчатов қаласында «Тополек» балабақшасын реконструкциялау аяқталып қалды
Абай облысының Курчатов қаласындағы "Тополек" балабақшасын қайта құру жөніндегі жоба аяқталуға жақын қалды. Ол Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырылып жатыр. Жақын арада "Тополек" балабақшасы балаларға есігін айқара ашады.
Қазіргі таңда қалада 3 балабақша жұмыс істейді - 2 мемлекеттік: 280 орындық "Журавушка" және 145 орындық "Күншуақ" және 1 жеке 60 орындық "Ақ бөбек" балабақшасы. Мектептерде құрылған 125 балаға арналған 2 шағын орталық бар.
Осылайша, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде барлығы 610 бала тәрбиеленіп, білім алуда. Балабақшаға дайындалып жатқан бүлдіршіндердің кезегі 122 балаға дейін қысқарды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

27 наурыз 2023, 13:08
22 наурыз 2023, 15:11
22 наурыз 2023, 15:06
21 наурыз 2023, 14:16
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2023
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar