USD502.47EUR525.83RUB5.68

Бүгін қала әкімі Семей қаласына қарасты 4 елді мекеннің тұрғындарымен кездесу өткізеді.

10 ақпан 2023, 11:38
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың тұрғындарға есеп беру кездесуі Шүлбі кентінен басталды.
Бүгін қала әкімі Семей қаласына қарасты 4 елді мекеннің тұрғындарымен кездесу өткізеді.

Мұнда 183 жеке меншік және 1382 пәтерлік 12 көп қабатты үйде мыңнан астам адам тұрады. Биыл кенті дамытуға былтырғымен салыстырғанда 1,5 есеге көп қаражат бөлінді.

Биыл Шүлбі кентінде келесі жұмыстарды істеу жоспарлануда:

1600 шаршы метр жер учаскесінің балалар спорт алаңы мен футбол алаңын орнату, қар ұстауды қамтамасыз ету және кенттің шетіндегі автомобиль жолында қардан арнайы қоршаулар орнатылады.

Сондай-ақ, өрт сөндіру бөлімінен Шүлбі кентінің базарына дейінгі 18 тірек көше шамдарын жөндеу және кентішілік жолдарды жөндеу. Ұзындығы 4,2 шақырым болатын орталық көше мен кірме жолға ағымдағы жөндеу жүргізілетін болады.

Тұрғындар қала әкімінен бос тұрған ғимараттарды сақтап қалуды, жұмыссыздық мәселесі, жылу қазандығына қатысты бірқатар сұрақтарын қойды.

"Ағымдағы жылы Семей қаласының Шүлбі кентінде балалар, спорт алаңы мен футбол алаңын орнату жоспарланып отыр. Шүлбі кентінің әкімі құрылыстың барысы мен сапасына күнделікті бақылауды жүзеге асыруы қажет",- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar