USD502.47EUR525.83RUB5.68

Қала әкімінің ауылдық округтеріндегі тоқсандық есептік кездесулері жалғасуда

10 ақпан 2023, 11:27
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Шаған кентінің тұрғындарымен есептік кездесу өткізіп, халықтың сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында тұрғындар жайылымдық жерлердің жоқтығына, шөп бағасының қымбат екеніне шағымданды.
Қала әкімінің ауылдық округтеріндегі тоқсандық есептік кездесулері жалғасуда

Кенттегі үлкен мәселе –  шабындық алқаптардың жетіспеушілігі.  Кент Бесқарағай ауданының жерінде орналасқандықтан, берілетін жердің ауданы жайылымға 3000 га құрайды. Сондықтан сатылымға шығатын шөп бағасы да қымбат.

Бұл сұраққа қала әкімі: "Бұл мәселені елді-мекеннің шекарасын белгілеу арқылы шеше аламыз. Айта кету керек, бұл біраз уақытты қажет етеді",- деп атап өтті.

Сонымен қатар қала әкімі Шаған кентіндегі 2023 жылы атқарылатын жұмыстарды да таныстырды.

 "Қалалық бюджеттен нақты жұмыстарды жүзеге асыруға 383 мың теңге қарастырылған. Биыл мектеп жанынан спорттық нысанды саламыз. Сонымен қатар, Семей қаласының Мәдениет сарайының филиалын ашып, қосымша штат бөлуді қарастырып жатырмыз",- деді қала әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar