
“2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы бюджет 1,7 есеге ұлғайып, 78,9 млн. теңгені құрады. Нақты жобаларға 33 млн 900 мың теңге бөлінді. Бөкенші ауылы жазық далада орналасқандықтан, боранды күндері ауыл қар құрсауында қалатындығы белгілі. Сондықтан ауылға қар ұстағыш қоршау орнатамыз. Ауыл тұрғындарының спортпен шұғылдануы үшін тренажер воркауты қолданысқа беріледі. Сонымен қатар, көше сахнасын орнатамыз",- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.
Кездесу барысында шаруалардың көбі жер телімінің аздығына шағымданды.
“Ол сұрақ бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Достық ауылына қарасты 1500 гектар жерді 2025 жылға дейін өздеріңіз пайдалана бересіздер. Қазіргі таңда елді мекен жерлерін қайта қарастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл мәселені шешу үшін уақыт қажет, тиісті құжаттарды дайындау ұзақ процесті талап етеді”,- деді қала әкімі.