
Бесқарағай ауданында "Ауыл - ел бесігі" жобасы шеңберінде 2022 жылы 14 жоба жүзеге асырылды.
Бесқарағай ауылындағы Әуезов, Жабаев, Западная, Мир, Тәуелсіздік көшелері орташа жөндеуден өтсе, Желтоқсан, Ломоносов, Рысқұлбеков, Стройтельная көшелеріне жарық тартылып, шамдар орнатылды. Бегендегі Абай, Әуезов көшелері жөнделсе, Малая Владимировка ауылындағы көшелер орташа жөнделіп, жарықтандырылды.
2023 жылға арналған "Ауыл – ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша 7 жобанв іске асыру көзделген. Жолдарды жөндеуге, көшелерді жарықтандыруға және Канонерка ауылындағы клубтың шатырын толықтай жөндеу жоспарланып отыр.