USD484.37EUR531.06RUB5.05

Семей қаласында жас құтқарушыларды дайындау жүргізілуде

12 ақпан 2020, 08:26
Төтенше жағдайдан қорғау саласында балалармен және жасөспірімдермен жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ өскелең ұрпақтың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру аса өткір әлеуметтік проблемалардың бірі болып табылады.
Семей қаласында жас құтқарушыларды дайындау жүргізілуде

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар,жол-көлік оқиғалары, отты, суды және тағы басқаларды абайсыз пайдалану нәтижесінде зардап шеккен балалардың саны әлі де көп.

Балалар мен жасөспірімдерді әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларғадағы іс-әрекетке оқыту және дайындау мәселелерінде жақсы нәтижелерді «Жас құтқарушы» аула клубында, сондай-ақ мектеп және балалар үйлерінің ұйымдарында ұйымдастырылған үйірмелерден байқауға болады.

Аула клубы жас құтқарушыларының және білім беру мектептерінің үйірмелерінде оқу жылы кестеге сәйкес өтеді. Сабақтар дәріс, диспуттар, викториналар, ойындар, жиындар, семинарлар мен жарыстар сияқты әртүрлі формада өтеді.

Азаматтық қорғаныс туралы білімді насихаттау және азаматтық қорғаныс органдарының беделін көтеру мақсатында Семей қаласы ТЖБ азаматтық қорғаныс тобының офицері Асқаров Димаш балаларға арналған сабақтар өткізеді.

Жас құтқарушылар табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы, сондай-ақ олардан қорғану шараларын білуде. Осындай сабақтарда балалар шұғыл әрекет ету қызметтерінің телефондарымен танысады,азаматтық қорғаныс туралы бейнефильмдерді көреді, қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын бекітеді, әртүрлі төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмін қайталайды. Мінез құлық сызбасын пысықтайды, ойын түрінде экстремалды жағдайларда өзін дұрыс ұстай білуді меңгереді.

Алғашқы медициналық көмекті қалай көрсету керек, қандай жағдайларда қандай көмек көрсету қажет, қандай препараттарды ауырған кезде қолдануға болады, дәрі-дәрмектер болмаған жағдайда жорық кезінде қандай шөптерді қолдануға болатынын және т.б туралы 2-МӨСБ дәрігері Асет Жарықбасов айтып берді.

Семей қаласы «Жас құтқарушы» аула клубының ұйымдастырушы-педагогі Наталья Рыкова өмір мен денсаулыққа жауапты көзқарас-ұзақ әрі тынымсыз процесс екенін атап өтті. Бұл-біздің жұмысымыздың негізі. Осындай сабақтарда алынған білім нағыз төтенше жағдайларда біреудің өмірін құтқаруы мүмкін.

ШҚО ТЖД Семей қаласы ТЖБ

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

03 қазан 2024, 10:50
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar