USD502.47EUR525.83RUB5.68

36 Курчатов азаматының бизнес-жобалары жүзеге асты

11 қаңтар 2023, 14:43
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба" шеңберінде Курчатов қаласында мемлекеттік грант алу конкурсына 61 адам қатысты.
36 Курчатов азаматының бизнес-жобалары жүзеге асты

36 қатысушы өздерінің бизнес-идеяларын қорғап, өз ісін ашуға 400 АЕК көлемінде грант алды.

Мемлекеттік бағдарлама – қоғамдық тамақтану, косметология, химиялық тазарту, наубайхана, лазерлік кесу және жиһаз жасау цехы, баспахана және "кино бөлмесі" саласындағы жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Грант алушылардың қатарында 21 жас кәсіпкер, 8 көпбалалы отбасы, 4 мүгедек және 3 әлеуметтік жәрдемақы алушы бар. Олар өздерінің бизнес-әлеуетін іске асыруға, өндірісті жолға қоюға және сол арқылы өздерін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүкіндік алды.

Жас кәсіпкер Айнура Зиминова қаладағы алғашқы кофехананы ашу үшін грант иегерлерінің бірі.

- Менің бизнес идеям жерлестерімді жылы атмосферасы бар ортада, отбасымен немесе достарымен жақсы уақыт өткізуге мүмкіндік беретін орын болып табылады. Біздің уақытымызда адамдарға тыныш орта мен жақсы қарым-қатынас жетіспейді. Өз достарым мен жақындарымның хош иісті кофе ішіп, қызықты уақыт өткізетін орынды жасауды ойладым. Ұсынылған бағдарламаны зерттегеннен кейін өз арманымды жүзеге асыруға көмектесетін грант екенін түсіндім. Берілген мүмкіндіктер үшін мемлекетке рахметімді білдіремін. Ал арманы бар адамдарға– мемлекет берген мүмкіндікті пайдаланып, өзіңіздің жоспарыңызды іске асырыңыз деп айтқым келеді, - дейді ол.

Гранттарды іске асыру, басқа пайдалы жақтарымен қатар, қалада жаңа жұмыс орындарын ашады, бұл жалпы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етуі тиіс.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar