
Мерекелік шараға Канонерка ауылының «Воскресение» вокалдық тобы, этномәдени бірлестік мүшелері, аудандық «Аналар кеңесінің» мүшелері, ауыл тұрғындары қатысты.
Іс-шара барысында аудан әкімі Талғат Батырұлы жерлестерімізді мерекемен құттықтады.
- Әр үйге және елімізге бейбітшілік тілеймін. Біздің Ұлы даламыз қонақжайлығымен ерекшелінеді. Әрдайым этносаралық келісімді нығайтуға, достық пен бейбітшілікті, ұлттық салт-дәстүрді сақтауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырып жүрген аудандық Достық үйіне зор алғысымды білдіремін",- деді аудан әкімі.