USD474.83EUR515.38RUB5.5

Құтқарушылар көмегі

11 ақпан 2020, 08:11
2020 жылдың ақпан айының ауа райы жағдайы қайта-қайта өңір тұрғындарын құтқарушылар көмегіне жүгінуге мәжбүрлеп отыр.
Құтқарушылар көмегі

Қардың көп жаууы, дауыл және боран еңсерілмейтін қалың қар құрсауына айналды. Жол қызметтері трассаларды тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқанда тұрғындарда елді мекеннен тыс жерлерге шығу қажеттілігі туындап жатыр, бірақ шығу әзірше мүмкін емес.

Тағы да дауылды ескерту, тағы да боран және жолдың нольдік көріністері. Семей қаласы жасағының құтқарушыларына Вознесеновка ауылынан босанатын әйелдерді жедел көшіру туралы телефон хабарламасы келді.

Тез арада өтімділігі жоғары 2 «Нива-Марш» автокөліктерімен жолға шықты. Тіпті осындай автокөліктерде жүргізушілерге оңай болған жоқ.

«Ауылға жеткізетін қысқа жолмен жете алмадық.Жолдың орнына үлкен ақ алаң.Қандай да бір бағдар немесе жолдың жиегі болса ғой,бірақ мүлдем ештене көрінбейді. Артқа қайтып басқа трассамен баруға тура келді. Жолға шамамен 3 сағат уақыт кетті. Сонда да үлгердік. Дәрігер босанатын әйелді қарап көріп оны ауруханаға жеткізу керек екендігін айтты. Әйелді абайлап біздің автокөлікке отырғызып, дәрігермен бірге Бородулиха ауылының аудандық ауруханасының перзентханасына жеткіздік» -деді Семей қаласы ЖҚЖ құтқару бөлімшесінің жетекшісі Қайрат Сакенев.

ШҚО ТЖД Семей қаласы ТЖБ

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar