
Ұлттық ән өнерін дәріптеп жүрген Диас Мұратханға алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тілейміз!
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен өнер саласындағы тұңғыш “Umai” Ұлттық премиясында Үржар ауданының Жоғарғы Егінсу ауылынан шыққан елімізге белгілі дәстүрлі әнші, жерлесіміз Диас Мұратхан “Музыкалық-орындаушылық өнер” номинациясы бойынша “Үздік дәстүрлі орындаушы” сыйлығына ие болды.
Ұлттық ән өнерін дәріптеп жүрген Диас Мұратханға алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тілейміз!