USD502.47EUR525.83RUB5.68

Баспанамен қамту - басты мәселе

21 желтоқсан 2022, 16:27
Тұрғындардың көшуін тоқтату және жас мамандарды баспанамен қамту мақсатында қолға алынған жоба аясында Аягөз ауданының Баршатас ауылында бой көтерген жаңа 4 тұрғын-үйлердің кілттерін табыстау шарасы өтті.
Баспанамен қамту - басты мәселе

Еске сала кету керек ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында ауыл тұрғындарының сұранысына сәйкес, Қарағаш ауылында да көптеген жылдар қараусыз болған екіқабатты ғимаратты жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 4 тұрғын үйдің кілттері табысталған болатын.

Жалпы берілген баспана кілттері жергілікті қауымдастықтардың шешімімен көпбалалы отбасылары, жалғыз басты отбасыларына, ауылдық округке керекті мамандық иелеріне (медбике, мұғалім және т.б.) берілді.

Алдағы уақытта аудан орталығы Аягөз қаласынан кейін халық саны жағынан 2 орында тұрған Ақтоғай кентінен де 4 баспананың кілттерін табыстау жоспарлануда.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar