USD484.37EUR531.06RUB5.05

Ақын шығармашылығы қолөнермен өрнектелді

07 ақпан 2020, 09:01
Биыл еліміз бойынша қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аталып өтіледі.
Ақын шығармашылығы  қолөнермен өрнектелді

Ұлы ақынның өлмес өлеңдері мен данышпандыққа толы шығармаларынан сан ұрпақ сусындап өсті. Мерейтой құрметіне орай  Абайдың Жидебайдағы мемлекеттік- қорық мұражайында қаламыздағы № 16 мектеп оқушыларының қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті.

- Біздің музей қаладағы мектептермен   жақсы байланыста жұмыс істейді. Міне, бүгін № 16 мектеп оқушылары өздерінің қолөнер бұйымдарымен келіп, көрме өткізіп отыр. Көрменің басты ерекшелігі –  оқушылардың ой-қиялынан туындаған бұйымдарда Абай шығармаларының тақырыбы көрініс тапқан.   Олар өз қолөнерлерімен ақынның өмірі мен  шығармалары жайлы өз ойларын өрнектеген.  Бір қуанарлығы- жас ұрпақ Абай шығармаларынан өздеріне қажетті тақырыпты таба білген,- дейді музей қызметкері Бұлбұлназ Уахметова.

Көрермен талғамына ұсынылған картиналарда,  күріштен, киіз бен бояулардан жасалған экспозицияларға     ақынның өмірі мен шығармашылығы арқау болған. Бұл көрмеге оқушылар бір жыл бойы дайындалыпты. Бір бұйымға   тақырыбының күрделілігі мен көлеміне қарай он күннен жарты жылға дейін уақыт жұмсалады. Үшінші сынып оқушыларының қолынан шыққан «Абай мен Шәкәрім Жидебайда» деген экспонатқа 10 күн уақыт кеткен. Бұйымның сәтті шығуына ұстаздар мен ата-аналар да өз үлестерін  қосыпты.

Қаладағы көрмелерге біздің оқушыларымыз үнемі және тыңғылықты дайындықпен қатысады. Бүгінгі көрмедегі бұйымдар әр сынып оқушыларының қолынан шыққан заттар. «Абай мен Шәкәрім Жидебайда » деген экспонат коматекс қолдана отырып, түрлі техникалармен жасалды.   Бұл балалар үшін қызықты әрі үлкен тәжірибе болды.  Бұйымды оқушыларымыз асқан ынта және қызығушылықпен жасады,- дейді технология пәнінің мұғалімі Иманбек Хамзин.

- Көрме шағын концерттік номермен басталып,  ақын   шығармашылығын баяндайтын көрмемен жалғасты.  Көрмеге келген оқушылардың ата-аналары да балаларының жетістіктеріне ортақ болысып, жас шеберлердің туындыларын бірге тамашалады.  

- Балаларымыздың Абайдай аталарының мерейтойына өз үлестерін қосып жатқанына өте қуаныштымыз. Олар ақын әндерін шырқап, өлеңдерін жатқа  оқып жатыр.   Баршамыз үшін қуанарлық жайт. Абай өсиетін бойтұмар еткен өрендеріміздің өнерлері өрлей берсін,- деген пікірін Салтана Рақышева деген ата-ана қуанышпен жеткізді.

 Көрме музейде әлі екі апта бойы  күнделікті сағат 10. 00 ден 18. 00 ге дейін көрермендер назарында болады.

Семей қаласының ақпарат орталығы

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

03 қазан 2024, 10:50
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar