Өрт орнына Семей қаласының өрт сөндіру бөлімшесінің күш пен құралдары жіберілді. Бірақ құтқарушылар келгенге дейін жағдай былайша өрбіді:түтіннің иісін сезген көршілер есікті ашуға тырысқан,алайда пәтерден қатты түтін шығып жатты.
Дәл осы үй және дәл осы подъездте біздің өрт сөндіру қызметінің зейнеткері Дюсенбай Утепов тұрады, оған подъездтерінінің бірінші этажында өрт болып жатқандығы туралы жұбайы хабарласып айтты. Өрт туралы ести сала,ұзақ ойланбастан,тез киініп төтенше жағдай орнына қарай беттеді. Есік қағысына ешкім жауап қайтармады. Сол сәтте пәтердің жанында пәтер иесі болды,ол пәтердің ішінде оның үлкен ұлы болуы мүмкін екендігін айтты.
Сол кезде біздің зейнеткеріміз Дюсембай-аға өзінің жақын маңдағы гаражына жүгіріп барып саты алып келді. Оны бөлмелердің бірінің терезесіне тіреп қойып,желдеткішті ашып, пәтердің ішіне кірді. Пәтердің іші түтінге толы болды. Түтінге тұншығып қалмау үшін төрт аяқтап жүруге тура келді. Қонақ бөлмесіне жеткенде ашық отта жанып жатқан диванда ер адамды көрді. Оны шығар есікке дейін сүйретіп жеткізуге тура келді. Түтінге тұншығып қалған зардап шегушіге баспалдақ алаңында есін жидыруға көмек көрсете бастады.
Артынан,көршілермен бірге өрт сөндіру қызметі келгенге дейін өртті шелекпен сөндіре бастады.Біреу су тасыды,ал біреу болса тіпті ауладағы қарды да тасыды. Бірақ өрт сөндірушілер келіп ,өртеніп жатқан диванды сөндірді. Өрттің жалпы ауданы 5 шаршы метрді құрады.
Өртті өрт сөндіру қызметінің құралдарымен сөндіру барысында сол подъездтің 22 тұрғыны эвакуацияланды,оның 4-еуі бала. Өрт 20:50-де сөндірілді. Өрт фактісі бойынша темекі шегу кезіндегі абайсыздық нұсқасы қарастырылуда.
Өрт сөндіруге 4 техника бірлігі және жеке құрамның 12 адамы қатыстырылды.
Жас адамның өмірін құтқарып қалған біздің ардагеріміз туралы қысқаша айтып өткім келеді. Дюсенбай Утепов өрт күзетінде 1978 жылдан бері қызмет етті, қызметтің барлық деңгейінен өтті, еңбек сіңірген демалысына 1997 жылы Семей облысы облыстық өрт күзетінің байланыс қызметі бастығы лауазымынан подполковник атағымен кетті. Қазіргі уақытта ол әлі де қауіпсіздік саласында, «Гелиос» ЖШС-де қауіпсіздік техникасы бойынша инженер қызметінде еңбек етуді жалғастыруда.
Біздің зейнеткеріміз Дюсенбай Утеповтың шапшаң әрі кәсіби іс-қимылының арқасында қайғылы жағдай орын алмай,алькогольдік мас болу күйінде болған 1983 жылы дүниеге келген азамат аман қалды. Ол улы газдан орташа дәрежедегі улану алды. Медицина қызметкерлері қарауы барысында аураханаға жатудан бас тартты.
ШҚО ТЖД Семей қаласы ТЖБ